Ш. Есеновтің бюсті Қызылорда қаласы

Мекен жайы:

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 23.06.2021

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Шахмардан Есенов бюсті, 2008 ж.

(Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған)

        

Шахмардан Есенұлы Есенов 1927 жылы 5 тамызда Қызылорда облысының Шиелі ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келді. Сол жерде мектепте оқып, орталау білім алған. Қызылордадағы педагогикалық техникумға оқуға түскен, оны 1944 жылы тәмәмдайды. Техникумды бітірісімен Қазақ тау-кен институтының геология-барлау факультетіне оқуға қабылданады. Есенов студенттік жылдарында қоғам өміріне белсене араласты. Сонымен қатар ол ғылыми зерттеулермен айналысып, қалалық студенттік ғылыми конференцияларда баяндамалар жасады. Есенов студент болса да геологиялық үйірмелердің белсенді мүшесі болды. Оны осындай жақсы қырларын тани білген қазақтың бірегей ұлы, ғұлама ғалымы – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың ұсынысы бойынша 1949 жылы жас маман, тау-кен инженері Ш.Есенов Жезқазған кешенді геология-барлау экспедициясына жұмысқа жіберіледі. Есенов алғашқы күннен бастап өзінің ұйымдастырушылық қабілеті, білімділігі мен қажырлы еңбегінің арқасында отряд геологы, экспедицияның бас геологы, кейін 1957 жылдан бастап Одақ көлемінде белгілі Жезқазған кешенді геологиялық экспедициясының бас инженері қызметтерін атқарады. 1961–1967 және 1974–1976 жылдар аралығында ҚазКСР Геология министрі, ҚазКСР Министрлер кеңесі Төрағасының орынбасары (1965), геолог, ҚазКСР Ғылым академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Лениндік сыйлықтың лауреаты, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Өз заманында ол геология ғылымы мен геологиялық қызметтің дамуына, Қазақстан Ғылым академиясының қалыптасуына орасан зор үлесін қосты. Ол әлемдегі ең ірі–Жезқазған өңіріндегі және Маңғыстау облысындағы (Өзен, Жетібай т.б.) пайдалы жер асты қазбаларына толы кен орындарын алғаш ашып, игерушілердің бірі болды. Қызметтік сатылардың барлық баспалдақтарынан өткен Ш. Есенов 1960 жылы ҚазКСР Геология министрінің орынбасары, бір жылдан соң ҚазКСР Геология министрі болды. 33 жасында министр атанған ол КСРО тарихындағы ең жас министр болды. Төрт жылдан кейін, 1965 жылы Ш. Есенов ҚазКСР Министрлер кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалып, республиканың ауыр өнеркәсіп саласына, мемлекет үшін ең маңызды өндірістер үшін шикізат базасын дамытуға басшылық етті. 1967 жылы Ш. Есеновті ҚазКСР Жоғарғы кеңесінің төрағасы, сондай-ақ ҚазКСР Ғылым академиясының академигі етіп сайлады. Сол жылы ҚазКСР Ғылым академиясының президенті және сонымен бір мезгілде ҚазКСР ҒА Геология ғылымдары институтының директоры болды. 1974 жылы ол қайтадан ҚазКСР Геология министрі болып тағайындалды. Ал 1978 жылдан өмірінің соңына дейін Қазақ политехникалық институтының кафедрасын басқарды.

         Шахмардан Есенұлы Есенов – Қазақстан ғылымы мен өндірісінде өшпестей із қалдырған бірегей ғалымы, ұйымдастырушылық және адами қасиеттерімен ерекшеленген қазақтың мақтанышының бірі. Осы ретте, 2007-2008 жылдары Қызылорда қаласында ұлы тұлғаның туылғанына 80 жыл толуына орай, есімін ұлықтау мақсатында және жастарды Отанына, туған еліне, оның тіліне деген құрметін арттыру бағытында бюсті орнатылды. Бюст Ш.Есенов көшесінің бойында (Еуразия спорт кешенінің алдында) орналасқан. Бюст қоладан жасалған. Ш.Есеновтің шынтағын кенші каскасына тіреп, қолына минерал тасты ұстаған, бір қолына лупасы бар бейнесі сипатталған. Бюст ұзынша келген тұғырға (73х83х280 см) қойылған. Тұғыры көлемі 147х230х20 см. іргетасқа қойылған. Тұғыры мен іргетасы гранит тақтайшалармен қаланған. Бюсттің биіктігі -1 м. Авторы мүсінші              М. Үмбетов.

 

 

 

                                          

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
5 / 5
Оқшы ата кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.