Батырхан Шөкенов ескерткіші

Мекен жайы: Кызылорда қаласы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 14.06.2021

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Батырхан Шөкенов ескерткіші, 2018 ж.

(Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған)

 

         Батырхан Шөкенов 1962 жылдың 18 мамырында Қызылорда қаласында дүниеге келді. Әкесі — Қамал, анасы – Дилара. Қамал Шөкенов 1970 жылдан 1998 жылға дейін Қызылорда облысының қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарған. Батырхан – үйдің ортаншысы. Оның 2 ағасы мен қарындасы бар. 1979 жылы ол Қызылордадағы Островский атындағы № 233 орта мектепте оқыған. Оқушы кезінде музыка үйірмесіне қатысқан.

         1979 жылы Батырхан Қызылордадағы Островский атындағы № 233 орта мектепті аяқтады. Мектеп жылдарында музыка үйірмесіне қатысып, ал мектептен кейін бірден Ленинградтағы Н. К. Крупская атындағы мемлекеттік мәдениет институтына оқуға түседі. Осы оқу орнында екі жыл саксофонның оркестрлік бөлімінде білім алады. Саксофонда ойнау сабақтарын Батырхан аты бүкіл әлемге белгілі музыканттар Геннадий Гольштейн мен Владимир Рабиктан алған. 1981 жылы Шөкенов Алматыдағы Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы мемлекеттік консерваторияға ауысты. 1982 жылы консерваторияның студенті бола тұра Батырхан Алматыда Байғали Серкебаев, Владимир Миклошич пен Болат Сыздыков секілді музыканттармен танысты. Кейін музыканттар Батырханды өз музыкалық топтарында саксофонист болуға өтініш білдірген.

1985 жылы Батырхан Шөкенов Алматы мемлекеттік консерваториясындағы білімін аяқтады. 1985-1986 жылдары аралығында ол Совет Армиясы қатарында әскери қызметін атқарған. Кейін музыканттар «Алма-Ата» тобын құрады. Топтың құрамында Батырхан саксофонда ойнаумен қатар, вокалмен айналыса бастайды. 1989 жылы музыканттар өзінің алғашқы бүкілодақтық хиты «Джулияны» шығарды. Алла Пугачева бірден топпен танысып, оларды Қазақстаннан Мәскеуге шақырады. Кейін А’Студио бүкіл елге танымал болып, атағы шығады. Тығыз гастрольдық кестелер, пластинка жазылымдары, Батырдың орындауындағы жаңа әндер. А’Студио жиі Мәскеуде көпшілік алдына шығып, сахнада өнер көрсеткендіктен, ол Ресейлік топ болып саналды. Музыканттар Алла Пугачеваның Ән Театрында 1989-1994 жылдар аралығында жұмыс жасады. Батырханның сөзі бойынша, олар Алла Борисовнамен «шынайы дос болған».

            2000 жылдың күзінде Батырхан топтан кетіп, этникалық музыкаға оралуға шешім қабылдаған. Ол қысқа атқа ие болған «Батыр» жобасымен айналыса бастайды.

            2002 жылы Батыр өзінің алғашқы жеке альбомы «Отан ананы» жарыққа шығарды. 2005 жылы Батырхан Киевте өткен музыкалық сайыс Евровидение 2005 «Твои шаги» әнімен қатысады.

            2007 жылы Республика Сарайындағы концерттері мен видеоклиптері бар «Батыр LIVE» альбомы жарық көреді.

            2009 жылдың 20 қарашасында Батырхан Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің Ұлттық елшісі жарияланады.

            2010 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Президенті бұйрығы бойынша Батырхан Шөкеновке «Қазақстан өнеріндегі еңбегі сіңген қайраткер» атағы берілді.

2013 жылы Батырханның соңғы «Душа» атты альбомы шықты.

2013 жылы «Россия-1» телеарнасындағы «Живой звук» телебағдарламасының жеңімпазы атанды.

            2015 жылы әртіс «Россия-1» телеарнасындағы «Один в один!» музыкалық бағдарламасына қатысты.

            2007 жылдан 2015 жылға дейін Батырхан сол кездегі Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мәдениет саласындағы кеңесшісі қызметін атқарған. Әнші 2015 жылдың 28 сәуір күні  52 жасқа қараған шағында кенеттен жүрегі тоқтап, Мәскеуде қайтыс болды.

          2018 жылы Сыр елі талантты перзентіне облыстық бюджет тарапынан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі музыкант, эстрада әншісі әрі композитор, жерлесіміз Батырхан Шөкеновке арнап ескерткіші орнатылды. Бұл ескерткіш оның туған қаласының төрінде жарқырап, көркіне көрік қосары сөзсіз.

         Ескерткіш Қызылорда қаласы, Батырхан Шөкенов атындағы саябақта орналасқан. Ескерткіштің композициясы қолында саксафоны бар, сексеуіл діңі үстінде отырған Батырханды бейнелейді. Музыкант оң аяғымен тізерлеп, сол аяғын бүгіп, жерге тіреп, сол қолының шынтағы тізесінің үстінде. Батырханның мүсіні қоладан құйылып, жылтыратылған қызғылт-қоңыр граниттен жасалған баған секілді тұғырға орнатылған. Баған болса бетонның үстіне гранит тақтай төселген он сегіз қырлы алаңның ортасында орналасқан. Ескерткіштің жалпы биіктігі 3,6 метр, мүсіннің биіктігі – 2,2 м, материалы – қола, тұғырдың биіктігі – 1,6 м. Ескерткіштің авторы – мүсінші Мұрат Мансұров.

Қызылорда облысы тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасынан (virtualmap.xyz) ескерткіштің 3D үлгідегі бейнесін, түрлі ракустағы фотоларын, понорамалық көріністерін, қысқаша видеосын қарауға болады.

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қожан қожа мазары
2 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХҮІ ғасыр
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
4 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
5 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)

Ақпарат

    Записей не найдено.