Қарақалпаққала қалашығы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылы, Қарақ елді-мекенінен солтүстікке қарай 2 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қарақалпаққала қалашығы.

 ХІХ ғасыр

Ескерткіш 50-жылдары С.П.Толстовтың басшылығымен Хорезмдік археологиялық-этнографиялық экспедициясымен зерттеліп, анықталды. Ескерткіш 2005 жылы Ж.Құрманқұловтың басшылығымен А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының Шірік-Рабат археологиялық экспедициясымен зерттелді, сол кезде координаттары анықталды және фотофиксация жүргізілді. Қазба жұмыстары жүргізілмеген.

Ескерткіштің басқаша атауы – Орынбай қала (Қызылорда облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы). Қалашық тікбұрышты, өлшемдері 400х300 м, төртбұрышты үйінді жалмен қоршалған. Қабырғаларының биіктігі 1-1,5 м. Қалашықтың өлшемдері 31х20 м, қабырғаларының биіктігі 4 м, қалыңдығы 70 см болатын 12 бөлменің орны мен өлшемдері 8,5х7,5 м, қабырғаларының биіктігі 2 м, қалыңдығы 50 см болатын үш бөлмелік мешіттің қалдықтары сақталған. Сыртқы бекініс қабырғасының айналасында қалашықты қоршап жатқан ор бар. Қақпа қалашықтың оңтүстік жағында орналасқан.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Айтбай мешіті
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
3 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,
4 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Христос Спаситель шіркеуі

Ақпарат

    Записей не найдено.