Қарабас қалашығы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Шірік-Рабат қалашығынан батысқа қарай 9,5 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қарабас қалашығы.

Уақыты белгісіз

Ескерткішті 2006 жылы Шірік-Рабат археологиялық экспедициясы (Ж.Құрманқұлов) ашып, зерттеген және географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген. 2013 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық орталығы зерттеді.

Бекініс трапеция пішініне жақын. Қоршап жатқан қабырғаларының ұзындықтары: шығысы-130 м, батысы-105 м, солтүстігі-15 м, оңтүстігі-40 м. Қабырғасының ені-2-2,5 м, биіктігі-1,2-2 м болып келген. Жеті мұнара орны сақталған. Оңтүстік-батыс бұрышта орналасқан ірі мұнаралардың бірінің (төртбұрышты) өлшемдері 10х10 м-ді құрайды. Қамал ішінің оңтүстік-шығыс бұрышында ауданы 20х10 м болатын құрылыстың қалдығы сақталған. Бекініске кіретін қақпа батыс бекініс қабырғасының оңтүстік бұрышына таяу жерде орналасқан. Қалашықтың үстінен шірікрабат мәдениетіне жататын материалдар жиналып алынды.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
2 / 5
Көтібар мұнарасы
3 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
4 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,
5 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.