Аққала қалашығы

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Жосалы кентінен оңтүстік-батысқа қарай 44 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Аққала қалашығы.           

І-ІХ ғ.ғ. 

Ескерткішті ХАЭЭ-ның Сырдария отряды (Л.М.Левина) ашып, зерттеді. 2005 жылы Ж.Құрманқұловтың басшылығымен А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының Шірік-Рабат археологиялық экспедициясымен қайта зерттелді, сол кезде координаттары анықталды және фотофиксация жүргізілді. 2013 жылы ЖШС «Тараз» археологиялық ғылыми орталығы зерттеді.

Қамал дамыған фортификациясы бар және бекініс қабырғасының іші құрылыстарға толы үш қабатты төбе түрінде болып келген. Жоғарғы қабаттың аумағы 25х20 м, биіктігі 10 м. Одан басқа, бұл қабат солтүстік жағынан жалпы ауданы 50х30 м болатын екінші алаңмен (биіктігі 6-8 м) құрсауланған. Ішкі қамалға кіретін қақпа оңтүстік-шығыс жағында. Шаршы пішінді болып келген төменгі үшінші террасының аумағы 120х120 м, биіктігі 2-3 м және ол орталық алаң болып табылады. Қалашықта жылтыр және ангобты қыш ыдыстар сынықтары аралас кездеседі.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қожан қожа мазары
2 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
3 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
4 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы

Ақпарат

    Записей не найдено.