Мүсірәлі әулие кесенесі

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен солтүстікке қарай 4 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

                                        Мүсірәлі әулие кесенесі, 2000 ж.

(Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған, «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне енгізілген)

Мүсірәлі Жәдікұлы – ХVІІ ғасырда Тәуке хан тұсында бүкіл қазақтың алғашқы бас пірі болып сайланған әулие. Ол Тәуке ханмен біріге отырып халықты жоңғар шапқыншылығына қарсы ұйым­дастыруда маңызды рөл атқарған. Мүсірәлі 1639 жылы Бұхар хандығына қарасты Тамдыбұлақ аймағында өмірге келіп, 1721 жылы қайтыс бо­лады. Түркістандағы Қожа Ахмет Иассауи медресесінде оқып, Бағдат, Басыра шаһарларында сопылық ілімнің тереңіне бойлап, «ахун» (Алланы тану ғылымын меңгерген) дәрежесін алған. Рухани жетілу барысында жоғары тылсым қасиеттерге ие болған. Тәуке ханның «жеті жарғы» атты заңдар жинағын қабылдауда өз үлесін қосқан. Өмірінің соңында Құдай жолына толық беріліп, өзінің рухани ұстазы Баба Түкті Шашты Әзиз әулие басына шырақшы болып, дүниеден өткен соң, соның жанына жерленеді. Кітапта қазақ хандығы тарихына шолу жасалып, Мүсірәлі тұсындағы қазақ елінің әлсіреу себебі баяндалады. Басты себеп – сол кездегі халықтың рухани жүдеуі еді деп көрсетілген. Өз кезінде қоғамдағы саяси ахуалды жақсы түсінген Мүсірәлі Пір халықты рухани бірлік жолына бағыттаған. Мүсірәліні пір деп танудың негізі тегін емес. Оның ерекше адами қасиеттері болған. Оның үстіне өз дәуіріндегі негізгі ғылыми орта болған жерлерде білім алуы, алған біліміне қоса өзінің адами, әулиелік қасиеттерін дамытуы оның Пір және әулие атануына үлкен негіз болса керек. Үш жүздің Бас Пірі болып сайлануы үшін бірнеше адам сынақтан өтеді. Олар туайын деп тұрған буаз сиырдың ішіндегі бұзаудың қандай екенін айтып беруі керек еді. Сынаққа түскен басқа адамдардың арасында Мүсірәлі: «Бұл сиыр­дың ішінде ұрғашы қара бұзау, құйрығы ақ, құй­рығының ағы бұзаудың басынан маңдайына ора­лып келіп жатыр», – деп басқалардан анық жауап беріп, алға шыққан екен. Осындай көрегендік қасиетімен қатар, Мүсірәлінің жалғыз өзі көптеген жау әскеріне қарсы тұрып, оларды жеңе білгені; ауа райына әсер етіп, дауыл тұрғызғаны; алақанының биотогымен құмандағы суды тез жылыта алатыны; табалдырықтың астындағы тығылған Құран Кәрімді сезіп-білуі; жеті өлікке жан бергені; жауды адастырып, жеңуі; өзен ағысын тоқтатып, денесін көпір етуі; жалындаған оттан өртенбей шығуы тәрізді көптеген тылсым­дық әрекеттері ел аузында сақталған.

Мүсірәлі әулие кесенесі Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен солтүстікке қарай 4 шақырым жерде орналасқан. Ескерткіштің құрылысы 1998 жылы басталып, 2000 жылы аяқталды. Іргетасы бетон блоктардан, қабырғалары кірпіштен тұрғызылған, көлемі 13,5 х 24 метр.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
2 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
3 / 5
Христос Спаситель шіркеуі
4 / 5
Бегім ана мұнарасы
5 / 5
Оқшы ата кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.