Еркін Әуелбеков мүсіні

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернат ауласында орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Еркін Әуелбеков мүсіні

2015 жыл

Мүсін 2,0 натуралық өлшемде қола материалынан құйылған. Биіктігі 1,38 метр, салмағы 350 кг. Тұғыры бүтін граниттен жасалған. Өлшемдері h-2,50 метр, 70х60 см. Мүсіннің авторы – Қ.Сатыбалдин. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Еркін Нұржанұлы Әуелбеков  (22.06.1930, қазіргі Ғабит Мүсірепов ауданы, Жаңасу ауылы — 29.01.1999, Алматы) — мемлекеттік және қоғам қайраткері. Социалистік Еңбек Ері (1973). Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1953). Солтүстік Қазақстан облысының Коноваловский МТС-нда бас агроном, директор; Марьевский кеңшарында директор болып қызмет атқарды. 1961 — 65 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының атқару комитеті төрағасының орынбасары, облыстық партия комитетінің 2-хатшысы, облыстық атқару комитетінің төрағасы; 1965 жылы ауыл шаруашылығы министрінің 1-орынбасары; 1968 жылы Қазақстан Астық өнімдері және құрама жем өнеркәсібі министрі; 1968 — 85 жылдары Көкшетау, кейіннен Торғай облысы партия к-ттерінің 1-хатшысы; 1985 — 88 ж. Қызылорда облыстық партия комитетінің 1-хатшысы; 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Ұлттар кеңесінің ұлттық саясат және халықаралық қатынастар жөніндегі комиссиясы төрағасының орынбасары; 1991 — 92 жылдары ҚР Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарған. Әуелбеков Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жұмыстарының жүруіне үлкен үлесін қосты. Үш мәрте Ленин, Октябрь революциясы, үш мәрте Еңбек Қызыл Ту ордендері, медальдармен марапатталған. Ғ. Мүсірепов атындағы аудан орталығында ескерткіш орнатылған. Қазіргі таңда қоғам қайраткерінің есімін ұлықтау мақсатында Қызылорда қаласындағы №4 дарынды балалар мектебінің ауласында ескерткіш орнатылып,  жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енгізіпді.. 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қожан қожа мазары
2 / 5
Христос Спаситель шіркеуі
3 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені
4 / 5
Асанас кесенесі
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)

Ақпарат

    Записей не найдено.