Мұстахым Ықсанов мүсіні

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық колледж ауласында орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Мұстахым Ықсанов мүсіні

2014 жыл

  Қысқаша тарихы

   Мұстақым Ықсанов (1926-1991жж.) Батыс Қазақстан облысы Жəнібек ауданында дүниеге келген. Қазақ ауылшаруашылық институтын бітіріп, қатардағы қызметкерден еңбек жолын бастайды. Əр жылдары біліктілігі мен білімділігінің, ұйымдастырушылық шеберлігінің арқасында аудандық партия комитеттерін басқарған. 1960 жылдары алмағайып уақытта Қызылорда облысына басшы болды. Бюстің ашылу салтанатында Батыс Қазақстаннан келген əріптестері мен шəкірттері Мұстақым Ықсановтың адамгершілік қасиетін сөз етті. Мұнан соң оқу ғимаратында орналасқан М.Ықсановтың мұражайымен танысты. Ал, М.Ықсановтың өмірі мен еңбек жолына арналған танымдық конференцияда тау тұлғаның қызметтік жолы турасында пікірлер айтылды. ҚР Мəдениет қайраткері Əлмəмбет Əлішевтің пікірінен мысал келтірсек, «Қазақстан Тəуелсіздігінің 20 жылдығына орай жеткен жетістіктерімізді ризашылық сезіммен ой елегінен өткізіп, өткеніміз бен бүгінгіні салыстыру арқылы артта қалған жылдарға өз бағасын берген абзал. Бүгінгі күн – кешегінің жалғасы. «Ел ағасыз, тон жағасыз болмас» деген- дей, қай кезде де басшының рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Ойға салып отырсам, соңғы елу жылдың ішінде Қызылорда облысын он бір басшы басқарған екен. Солардың кейбірімен адами қарым-қатынасым, сіз-біз дескен сыйластығым болғаны да шындық. Бірсыпырасымен қызмет жағдайында кездестім. Бірақ, сол он бір басшыны тек өзіммен жақсы қарым-қатынаста болғаны үшін ғана емес, халыққа жасаған жақсылығымен, бірінші басшы ретінде артында қандай із қалдырғанымен бағалауға тырысамын. Солардың ішінде облысты əр жылдарда басқарған дарынды басшылар бірді-екісіне айрықша тоқталғанды жөн санадым. 1962 жылдың желтоқсанында Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып Мұстақым Білəлұлы Ықсанов сайланды», – деп еске алған еді. Расында да ол Сыр өңірін басқарған тұста қордаланған мəселелердің шешімін табуына ұйытқы болыпты. Əсіресе, ауылшаруашылық саласының өркендеуіне мүмкіндік жасады. «Дала академигі» Ы.Жақаев осы жылдар ішінде күріштен рекордтық өнім алып, аты əлемге танылған. М.Ықсанов биліктің өзге салаларында жемісті еңбек етіп, Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталды. Жиынға қатысқандар мұндай тумысы бөлек жан мəңгі ел жадында сақталатынын айтып тарасты. Бір сөзбен айтқанда, бүкіл еліміз сияқты, Қызылорда облысы да нарыққа көшер тұста кездескен қиыншылықтарды жеңіп шығуға əзір емес-ті. Содан да, бұған дейін обкомның бірінші хатшысы болып, 1992 жылғы 9 ақпанда Қызылорда облысының тұңғыш əкімі болып тағайындалған Сейілбек Шаухамановтың ауылшаруашылығына қайтсем жан бітіремін деп біраз еңбектенгенін ел-жұрт жақсы біледі. Сонда оған Мұстақым Ықсанов сынды елмен етене басшының жұмыс тəсілі өнеге болғаны анық, – дейді көз көргендер. Қоғам қайраткерін ұлықтап еске алу мақсатында Қызылорда қаласындағы М. Ықсанов атындағы политехникалық колледж ауласында ескерткіш орнатылды. Мүсін 2,0 натуралық өлшемде қола материалынан құйылған. Биіктігі 1,38 метр, салмағы 350 кг. Тұғыры бүтін граниттен жасалған. Өлшемдері h-2,50 метр, 75х60 см. Мүсіннің авторы – Қ.Сатыбалдин. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
2 / 5
Қорасан ата кесенесі
3 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
4 / 5
Сырлытам кесенесі
5 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.