Күләнда Абдраманова

Мекен жайы: Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі н/з

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 18.02.2020

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ескерткіш туралы мәлімет

Маңызы: Алдын-ала тізіміне алынған тарихи-мәдени мұра объектісі

1920 жылы Қызылорда облысы, бұрыңғы Тереңөзек ауданында туған. 1938-1948 жылдары Карл-Маркс (қазіргі Нағи Ілиясов) атындағы колхозда түрлі жұмыстар істесе, кейіннен звеноға жетекші болады. 1952-60 жылдары аудандағы Ворошилов колхозында агроном болады. Агроном, кейіннен бидай егіп, звено басқарады, сөйтіп тікелей диқаншылықпен айналысқан. Адал еңбек, маңдай терінің нәтижесінде 1948 жылы звеноға бекітілген, 18 гектар егіннің әр гектарынан 34 центнер бидай жинайды. Осы кезеңде бұл өте үлкен көрсеткіш, ірі жеңіс болатын. Үкімет бұл еңбегін жоғары бағалап, 1949 жылдың 20 мамырында Еңбек Ері атағын берсе, басқа звено мүшелері де орденімен марапатталған. Біраз уақыттан кейін  К.Әбдраманова Қызылордаға көшіп келеді. Аяқ киім фабрикасына жұмысшы болып орналасады. Ол мұнда да еңбектің озық үлгілерін көрсетіп, кәсіподақ жұмысына белсенді араласады.  Кейіннен Қазақ СС-ның 50 жылдығы атындағы кеншарда жұмыс істеп, жас жақаевшыларға  К.Әбдраманова бас-көз болып, олардың жақсы дихан болуына ықпал ете білді. 1995 жылы Қызылорда қаласында қайтыс болды.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
2 / 5
Бақатам кесенесі
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
4 / 5
Қожан қожа мазары
5 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.

Ақпарат

    Записей не найдено.