Балдырған Мұстафаева

Мекен жайы: Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі н/з

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 18.02.2020

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ескерткіш туралы мәлімет

Маңызы: Алдын-ала тізіміне алынған тарихи-мәдени мұра объектісі

1939 жылы   Қызылорда облысы Сырдария ауданы Қараөзек  станциясы маңындағы      «Қараөзек»  кеңшарында  дүниеге келді.

          Совет Одағы Жоғарғы  Кеңесінің 13 желтоқсан 1972 жылғы Жарлығымен «Еңбекте  Үздік шыққаны үшін» медалімен, 1974   жылы Еңбек Қызыл Ту, 1976 жылы  Ленин орденімен марапатталды.  «Шіркейлі» кеңшары, оның еңбекешілері, еңбек озаттары үшін оныншы бесжылдық  өсу - өркендеу, экономикалық-әлеуметтік жағынан даму жылдары болды, ал күрішші Балдырған үшін  1981 жыл жұлдызды жыл болды.

          1977 жылы  оныншы бесжылдықтың қорытындысымен және көп жылдар бойы жемісті еңбегі, өзіне бекітілген күріштің әр гектарына 103,6 центнерден өнім алғаны үшін Балдырған Мұстапаева  1981 жылғы 19 ақпан айында  Социалистік  Еңбек Ері  атағын алып, «Алтын жұлдыз» және Ленин  орденімен марапатталды.  Б.Мұстапаеваның ел алдындағы еңбегі лайықты бағаланды. Ол,  Қазақстан Компартиясы ХҮ съезіне делегат болып қатысты. Республика Компартиясының Орталық Комитетіне мүшелікке сайланды.  

       1984 жылдың 12 наурызында  «Тың жерлерді игергені үшін»  медалімен, Бүкілодақтық халық  шаруашылығы жетістігі  көрмесінің (ВДНХ)  20 наурыз 1985 жылы  алтын, 6 мамыр 1988 жылы күміс медальдарын алды. Ауыл шаруашылық өндірісінде көп жылдар бойы жемісті қызмет атқарғаны  және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін Қазақ ССР  Жоғарғы  Советінің Президиумы  1989 жылғы 28 февральдағы Указы  бойынша Қазақ ССР Жоғарғы Cоветінің  Құрмет грамотасымен наградталды. Балдырған Мұстапаева 2006 жылы өмірден озды.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
2 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
3 / 5
Бегім ана мұнарасы
4 / 5
Асанас кесенесі
5 / 5
Оқшы ата кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.