Қасым Бөдеев

Мекен жайы: Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі н/з

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 18.02.2020

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ескерткіш туралы мәлімет

Маңызы: Алдын-ала тізіміне алынған тарихи-мәдени мұра объектісі

Бөдеев Қасым 1900 жылы Қарағанды облысындағы қазіргі Байқоңыр ауданында кедей-шаруаның отбасында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек ардагері, Социалистік Еңбек Ері (1966). Ашаршылықтың алапат жылдары 1932 жылы бұрыңғы Тереңөзек ауданындағы Аманкелді атындағы колхозға колхозшы болып жұмысқа қабылданады. Аталған колхоз кейіннен ірілендіру нәтижелерінде 1964 жылы партияның ХХІ съезі атындағы кеншар болып қайта құрылады. 1952 жылдан бастап колхозда күріш звеносын басқарады. 1956 жылы Қасым Бөдеев басқарған звено 40 гектар күріштің әр гектарынан 51 центнерден өнім жинап, осы еңбектегі табысы үшін Ленин орденімен марапатталады. 1956-1966 жылдар арасында тұтас 10 жыл ішінде әрбір гектардан орта есеппен 50-60 центнерден өнім келтірді. Көп жылғы тәжірибесі мен ерен еңбегінің арқасында 1966 жылы ол еккен 20 гектар күріштің әрбір гектарынан 107,6 центнерден алтын дән жинап, үздік көрсеткішке қол жеткізе білді. СССР Жоғарғы Советі Президиумының 1966 жылғы 22 маусымдағы Указымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Қазір Қасым Бөдеев атындағы көше, оған қойылған ескерткіш бар. Ауыл, аудан  еңбекшілері  Қасым Бөдеевтің еңбегін құрметпен атап, қадірлейді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
2 / 5
Оқшы ата кесенесі
3 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені
4 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы

Ақпарат

    Записей не найдено.