М.Шоқай бюсті

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, М.Шоқай көшесі, н/з.(№187 орта мектептің ауласында орналасқан)

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

М.Шоқай бюсті,

2005 жыл

Мұстафа Шоқай (25 желтоқсан, 1890 жыл, Сырдария губерниясы, Ақмешіт уезі, Наршоқы — 27 желтоқсан, 1941 жыл, Берлин) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясыныңжетекшісі.Бюст қоладан жасалған. Бюст бет жағымен оңтүстікке бағдарланған. Бюстінде Мұстафа Шоқай тақия, жейде және галстук, пиджак, сонымен бірге үстінде шапан не халат киілген күйінде бейнеленген. Бүгілген оң қолында латын тілінде жазылған жазуы бар кітапты ұстап отыр: «YENI TURKISTAN». Бюстің биіктігі 1,4 м, ені 0,9 м. Бюст тікбұрышты тұғырда орнатылған. Тұғыр гранит тақталармен қапталған. Тұғыр үш сатылы стилобатта орнатылған, стилобат мәрмәр тақталармен қапталған. Тұғыр табанының өлшемдері: 1,27х1,27х0,2 м, тұғырдың өлшемдері: 0,85х0,8х1,85 м., тұғырдың үстіңгі жағының өлшемдері: 1х1х0,15 м.  тұғырға жылтыраған қара гранит тақтайша бекітілген, онда «Мұстафа Шоқай 1890-1941» деп жазылған. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені
2 / 5
Асан ата кесенесі, ХҮІ ғасыр
3 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
4 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы

Ақпарат

    Записей не найдено.