«Ер есімі – ел есінде» кешенді тағзым алаңы

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Талсуат ауылы, А.Құнанбаев көшесі, н/з

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

«Ер есімі – ел есінде» кешенді тағзым алаңы,

2010 жыл

Ескерткіш қызыл кірпіштен қаланған, П жоспарында, үш тағзым қабырғасына бөлінген. Бас фасады жоғарғы жағында жеке ататын ойықтары бар бекіністі дуал түрінде салынған. Қабырғаның ортасында қызыл граниттен тағзым тақтайшасы орнатылған (көлемі 70х10х220 см). Тақтайшада «Ұлы Отан соғысы 1941-1945» деп қашалып жазылған, астында «Ұлы Отан соғысы» ордені мен екі лавр бұтағы бар жауынгер каскасы салынған. Гранит тақтасы бетон іргетасқа (көлемі 400х370х50 см) орнатылған. Ол өз кезегінде «Мәңгі алау» орналасқан композиция ролін атқарып тұр. Мәңгілік алау бесбұрышты жұлдызды бейнесінде жасалған. Іргетасының жиегі темір шынжырмен көркемделіп қоршалған. Гранит тақтаның артында екіге бөлінген Ұлы Отан Соғысының қатысқандардың тізімі бар тақтайшалар қойылған. Басқа екі тағзым қабырғасы тыл ардагерлері мен батыр аналарға арналған (көлемі 250х40х260 см). Мұнда да есімдер тізімі тағзым тақтайшасына қашалып жазылған. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
2 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
4 / 5
Қожан қожа мазары
5 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)

Ақпарат

    Записей не найдено.