Теміржол вокзалы ғимараты

Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Төменарық стансасы, Бимұратов көшесі, 15 үй

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Теміржол вокзалы ғимараты

1905 жыл

Теміржолға қатысты барлық құрылыстарға тапсырыс беруші жол хабарлама министрлігі, министр-князь М.И. Хилков. 1985 жылы А.О.Итенованың жетекшілігімен экспедиция зерттеген. 2013 жылы «Тараз» ЖШС қайта зерттеу жұмыстарын жүргізді.

Орынбор-Ташкент теміржолының бойында тұрғызылған кешенді құрылыстардың орталық ғимараты. Кешенге су айдағыш мұнара, мұздық, қойма кіреді. Вокзал ғимаратының солтүстік-шығысына перрон жалғасқан, ал оңтүстік-батысында вокзал алаңы бар. Ғимарат тікбұрышты күйдірілген кірпіштен қаланған. Іргетасы нығыздалған тастардан, жабынды арқалықтары, шатыр тіреуіштері, едені, есіктер діңі, терезелердің жақтаулары ағаштан жасалған. Өлшемі 39,6х25 м, сыртқы ені 11 м, қабырғаның қалыңдығы 0,6 м, биіктігі 5,1 м. ғимарат бір қабатты, Г-тәрізді, іргесі шығыңқы, темір шатырмен жабылған, сыртқы ернеуі тіреуіш тәріздес айшық кірпіштерден тұрады. Қабырғалары шығыңқы кірпіш қатарларының тарпаларына және бір жағы қабырғаға жабыстыра тұрғызылған төрт қырлы жартылай ұстынға бөлінген. Әрбір есікке ағаштан кіреберіс қойылған, есіктердің үстіңгі ернеулері аттикалық үлгіде жасалған, ең бастысы - сүмбіле дөңгелек есту терезесі бар итарқамен көмкерілген. Есіктері екі жармалы, басты есігінде-люнет. Терезесі тікбұрышты, қос жармалы болып келген. Ғимараттың ішкі қабырғаларының беттері сыланып, әктелген. Вокзал ғимараты ХІХ ғ аяғы мен ХХ ғ басында Ресей империясының өнеркәсіптік және азаматтық құрылыстарында кеңінен қолданылған « кірпіш стилі» үлгісінде салынған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
2 / 5
Оқшы ата кесенесі
3 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
4 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
5 / 5
Қорасан ата кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.