Сунақ ата кесенесі

Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Жаңақорған кентінен солтүстік-батысқа қарай 35 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 07.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Сунақ ата кесенесі

ХХ ғасыр

Кесене тарихы

Сунақ атаның тарихи кесенесі сақталмаған, бұл ескерткіш қазіргі уақытта салынған. жаңа кесене жоспары тікбұрышты, көлемі 8х9 м. Кесененің биіктігі 7 м. Бір камералы, бетшелі-күмбезді құрылыс. Бетшесі оңтүстікке бағытталған, кейбір кірпіш қаландылары сәнделіп салынған. Кіретін аузы арка етіп жасалынған және ерекшелігі есігінің кесене құрылыстарына тән еместігі, яғни көлемі үлкен. Кішкене барабанға орнатылған күмбез конус тәрізді пішінде. Сыртқы қабырғасын төрт қатардан тұратын карнизі бар. Кесенеге іргетасқа отырған тас плиткалардан төселген баспалдақ апарады. Негізі блоктарға бөлінген, ол кезегінде техникалық салмақты көтеріп қана қоймай, этикалық сұлулықты да беріп тұр.

 

Өмірдерегі

 

Сунақ ата Әбубәкірдің ұрпағы, шын аты Һисамеддин (Ысамиддин). Ұзақ уақыт бойы Сунақ ата Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде қызмет жасаған. Кемеңгер және білімді Сунақ ата бірнеше тіл білген және жаза алған, атап айтқанда араб, түрік, парсы.

Сунақтар-қазақтар. Өзге ру тайпаларындай таңбасы жоқ.Ұраны Қожа Ахмет Яссауи.Түпкі тарихы, шығу тегі Қазақстандағы Сунаққорған өңірінде көне ғасырларда келген миссионерлерінен. Олар Сауд Арабиясынан Меке және Мәдина қалаларынан.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
2 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
3 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
4 / 5
Құттыбай кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы

Ақпарат

    Записей не найдено.