«Ер есімі – ел есінде» ескерткіші

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі, 18

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

«Ер есімі – ел есінде» ескерткіші,

2001 жыл

Ескерткіш Қызылорда облысының ішкі істер Департаментінің аумағында орналасқан. Ескерткіш қимасы үшбұрышты, екі сатылы стела болып келеді, сырты мәрмәр тақтасымен қапталған. Стела биіктігі 0,93 м болатын көтеріңкі алаңда орналасқан, оған жеті саты алып барады. Стеланың бет жағынан қара мәрмәрдан жасалған саты орнатылған. Негіздегі стеланың өлшемдері: 2,05х2,05х2,05 м. Негізден бастап өлшенген стеланың биіктігі 7,5 м. Стеланың үстіңгі бөлігінде ішкі істер Министрлігінің металл елтаңбасы орнатылған. Стеланың үстіңгі сатысының астыңғы бөлігі қара мәрмәр тақтасымен қапталған. Астыңғы бөлігінде «Ер есімі-ел есінде» деген жазуы бар қара мәрмәрдан жасалған тақтайша орнатылған. Тақтайшаның астында борышын өтеу кезінде қаза тапқан ІІМ қызметкерлерінің аттары және өмір сүрген жылдары жазылған он екі қара мәрмәр тақтайшалары орнатылған. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сауысқандық петроглифтері
2 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,
3 / 5
Бақатам кесенесі
4 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
5 / 5
Көтібар мұнарасы

Ақпарат

    Записей не найдено.