Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қойылған ескерткіш

Мекен жайы: Шиелі ауданы, М.Шоқай ауылы, орталық саябақта орналасқан (Сұлутөбе ауылы)

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 06.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қойылған ескерткіш

1985 жыл

Бұл белгі Жеңістің 40 жылдығына байланысты 1985 жылы салынған. Осы белгі орналасқан саябаққа Ұлы Отан соғысының ардагері Текзада Маханбетов аты берілген. Себебі, саябақты ұйымдастырып, саялы ағаш, бау-бақша егуге ұйытқы болған сол кісінің өзі екен.

2010 жылы «Бек и К» компаниясы қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген. Ескерткішке ұлы жеңістің 65- жылдығы қарсаңында ауылдық мәдениет, әкімгершілік қызметкерлерінің қамқорлығымен, демеушілер қаражатымен ескерткішке жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ескерткіш – Облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттеу және тарихи – мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай – ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссия отырысының 2011 жылғы 3 маусымдағы № 2 хаттамалық – шешімімен алдын – ала есепке алынған.

Ескерткіштің ұзындығы – 12 м, ені 5 м.

Объектінің иллюстрациялық материалы: күйдірілген кірпіш, мрамор плиталар, қаңылтыр, темір.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Құттыбай кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
3 / 5
Сырлытам кесенесі
4 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
5 / 5
Асанас кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.