Жаназар батыр кесенесі

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан солтүстікке қарай 2 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Жаназар батыр кесенесі.

1999 жыл

Досқанұлы Жаназар – Ағыбай, Бұқарбай батырларымен тұстас өмір сүріп, ішкі-сыртқы жаулардан елін қорғаған. Сыр бойындағы Қыпшақ руының шашты аталығынан шыққан батыр болған. Жаназар батырға батырлық қасиет жетінші атасы Шағыр Абасұлынан қонған деседі. Шағыр атамыз «ақтабан шұбырынды» жылдары қалпақтармен ерлікпен соғысқан әруақты батыр болыпты. Жауға аттанғанда төбесінде бір шөкім бұлт еріп, жүреді екен де, соғыс кезінде айналасын найза сілтем жерге дейін бұлдыр тұман басып, қарсыласының қуатын кетіреді екен. Осындай қасиет Жаназар батырда да болған. Қайтыс болғанан кейінде кісілер батыр әпуағына тағзым етіп, мал – жанына саулық тілеп, басына түнеген.

Ескреткіш – Облыста жаңа ескерткіштерді орнатуды реттек және тарихи – мәдени мұра объектілерін тарих және мәдениет ескерткіштері деп тану, сондай – ақ оларды мәртебесінен айыру туралы қорытынды әзірлейтін облыстық комиссия отырысының 2011 жылғы 3 маусымындағы № 2 хаттамалық-шешімімен алдын – ала есепке алынған.

Объектінің иллюстрациялық материалы: күйдірілген кірпіш, темір, қаңылтыр, бетон.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
2 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
3 / 5
Оқшы ата кесенесі
4 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
5 / 5
Асанас кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.