Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш

Мекен жайы: Сырдария ауданы, Шаған ауылы, Есет би көшесі, н/з.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш

1980 жыл

Кешен екі мемориалды қабырғадан және ескерткіштен тұрады. Кешен саябақта төсемтаспен төселген көтеріңкі алаңда орналастырылған. Металды ескерткіш іргесі бар бетонды тұғырда орнатылған. Ескерткіш сарбаз мүсінінен және әйел мүсінді ескерткіштен тұратын композицияны құрайды. Ескерткіштің үстіңгі бөлігінде «Ұлы Отан Соғысы» орденінің барельефті бейнесі, орта бөлігіндегі барельеф: «1941-1945». Тұғырдың өлшемдері: 3,35 х 2 м. Іргесі 0,1 м шығып тұр. Тұғырдың биіктігі 2,3 м. Тұғырмен бірге алаңдағы ескерткіштің жалпы биіктігі 7 м құрайды. Тұғырдың металдан жасалған «Жеңіс» ордені бейнеленген, георгивевск бауы мен 1941, 1945 сандарының суреті салынған. Тұғырға екі саты апарады. Ескерткіш алдында «Мәңгілік от» металл жұлдызы орнатылған. Ескерткіштің екі жағынан, оның бұрышы астынан екі бетонды мемориалды қабырға орнатылған. Әр қабырға бес бағанда орнатылған. Сондай-ақ әрқайсысында Шаған ауылында шақыртылған адамдардың тегі, есімдері мен өмір сүрген жылдары көрсетілген төрт-төрттен мемориалды тақтайшалар бар. Жазулар бояумен жазылған бір жақ қабырғсында қазақша – «Ер есімі – Ел есінде». Қабырғалардың габариттері бірдей және 2,4 м биіктігі кезінде 4,5 х 0,55 м құрайды.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
2 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
4 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені
5 / 5
Сырлытам кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.