Бұзықтам қалашығы

Мекен жайы: Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 13-15 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бұзықтам қалашығы.

Уақыты белгісіз

Тұрақ  жоспарында тіктөртбұрыш пішінді болып келеді. Ұзын осімен батысқа қарай болмашы ауытқуымен солтүстік – оңтүстік сызығымен бағдарланған. Тұрақтың жалпы өлшемдері: 360х200 м. Тұрақтың шығыс жағы бойында құмды барқан орналасқан, сол себепті тұрақтың шығыс және орталық бөліктерін құм басып жатыр. Тұрақтың шығыс шекарасы құммен жабылып тұрғаны мүмкін. Осындай жағдайда, тұрақтың ендік өлшемдері 200 м-ден тасуы мүмкін. Тұрақтың алаңында көп мөлшерде керамиканың қызыл, қара және сұр-жасыл фрагменттері кездеседі, сонымен қатар керамиканың көгілдір ақық әйнектері бар фрагменттер де кездеседі. Тұрақтың  оңтүстік-батыс бұрышынан 50 м жерде толығымен қираған кесененің қалдықтары бар, одан тек қана биіктігі 1 м болатын бұрышының фрагменті қалды. Тұрақтың топографиясы 43 төбеден және жойылған құрылыстардан тұратын үш шағын топ құрайды. Құрылыстардың диаметрлері және төбелердің биіктіктері әртүрлі болып келеді. Диаметрлері 5 м-ден 15 м-ге дейін жетеді. Төбелердің биіктіктері 0,1 м-ден басталып 1,2 м-ге жетеді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
2 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
3 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені
4 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
5 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.