Ұзақбай Қараманұлы Қараманов

Мекен жайы:

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 17.08.2020

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Мемлекет және қоғам қайраткері

Ұзақбай Қараманұлы Қараманов мүсіні

2020 жыл

 

Егеменді еліміздің өркендеп өсуіне және экономикалық даму жолында қызмет атқарған мемлекет және қоғам қайраткері Ұзақбай Қараманұлы Қарамановты ел жадында мәңгі сақтау үшін 2020 жылы Арал ауданы, Ұ.Қараманов есімімен аталатын № 262 мектеп-гимназия ауласына мүсіні орнатылды.

Мүсін қола материалынан құйылған, биіктігі-1,20 м., тұғырының биіктігі – 2 м. Авторы - Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Айдос Тоқтарбекұлы.   

Ұзақбай Қараманов 1937 жылы 20 тамызда Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ұялы ауылында көп балалы, қарапайым балықшының отбасында дүниеге келген. Әкесі Қараман Аралдағы әйгілі балық аулау артелінде қызмет еткен, ауылдастары арасында беделі үлкен, сыйлы кісі болған.

Ұ.Қараманов 1959 жылы Куйбышев (Самара) қаласындағы инженерлік құрылыс институтын бітірген.

         Ұзақбай Қараманұлы ҚазСРО Министрлер Кеңесінің соңғы төрағасы және ҚазСРО-ның тұңғыш Премьер-Министрі.

Еңбек жолдары:

1959-1964 жылдары Шұбарқұдық автобазасында прораб, «Қызылорда құрылыс» тресінде инженер, басқарма бастығы;

1964-1980 жылдары «Алматы өнеркәсіп құрылысы» тресінде аға прораб, комбинат директоры, Қазақстан Компартиясы ОК-нің іс басқармасының қызметкері, Жеңіл және тамақ кәсіпорындары құрылысы басқармасының бастығы, Қазақ КСР ауыр өнеркәсіп министрлігінің Алматы құрылыс Бас басқармасының және Құрылыс индустриясы Бас басқармасының бастығы;

1980-1984 жылдары Қазақ КСР жеңіл өнеркәсіп министрлігінің орынбасары, «Қазақтың су тасқындарынан қорғану құрылысы» Бас басқармасының бастығы;

1984-1989 жылдары Қазақ КСР құрылыс министрлігінің                          1-орынбасары, Қазақ КСР мемлекеттік жабдықтау комитетінің төрағасы;

1989-1990 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасы;

1990-1992 жылдары Қазақ КСР премьер-министрі;

1993 жылы Аралды құтқару Халықаралық қорының атқарушы директоры;

1994 жылдың наурыз айынан - депутат, ҚР Жоғарғы Кеңесі Табиғатты пайдалану және экология комитетінің төрағасы, «Қазақстан халықтық конгресі» партиясынан ұсынылған;

1995 жылдың сәуір айынан - «Қазконтракт» республикалық келісімшарт корпорациясының вице-президенті;

1998 жылдың сәуір айынан - «Қомақ-Инвест» қаржылай-кәсіпшілік тобының президенті, ҚР Құрылысшылар одағының президенті;

1999 жылдың қазан айынан - ҚР Парламенті Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты (№37 Қызылорда облысының Арал маңы сайлау округінен, «Отан» РСП атынан). Аймақтық дамыту және экономикалық қайта құру комитетінің мүшесі.

2004 жылдың қазан айынан 2007 жылға дейін - ҚР Парламенті Мәжілісі 3-ші шақырылымының депутаты. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің 11-ші, 12-ші, 13-ші шақырылымдарының депутаты. КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қызылорда, Гурьев және Талдықорған облыстарынан ұсынылған. КОКП ОК (1990-1991), Қазақстан Компартиясы Саяси бюросының (1990-1991), ҚазКСР Президенттік кеңесінің (1990) мүшесі. Қазақстан Құрылысшылар одағының негізін салушы.

Марапаттары: II дәрежелі «Барыс», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен; ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің медальдарымен, ҚР мерейтой медальдарымен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамоталарымен марапатталған. КСРО Министрлер кеңесі сыйлығының, Еуропа қоршаған ортаны қорғау облыстық «Алтын глобус» сыйлығының лауреаты. Қызылорда облысының Құрметті азаматы.

Жұбайы - Раметоллақызы Ұлдай (1937 ж. т.).Ұлдары - Қараманов Асқар (1961 ж. т.), Қараманов Нұрлан (1965 ж. т.), Қараманов Дәулет (1970 ж. т.).

Ұзақбай Қараманов 2017 жылы 25 қыркүйекте 80 жасында Алматы қаласында дүниеден озды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )
2 / 5
Айқожа кесенесі, ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Айтбай мешіті
4 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
5 / 5
Бақатам кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.