Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылы, Ә.Оңалбаев көшесі, 23

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш

1975 жыл

Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш 1975 жылы Мақпалкөл ауылының ардагерлеріне арналып тұрғызылған. Ескерткіш бетоннан салынған. Батыр әскери гимнастеркада, арқасында плащ-палатка және Шпагин пистолет-пулеметі, басында пилоткасы бар. Мүсін бейбіт қадымдап, алысқа көз жіберіп келе жатқан солдатты бейнелеп тұр. Мүсіннің жалпы көлемі – 85х90х270 м. ескеткіш авариялық күйде, иығында және бел тұсында жөндеу жұмыстарының ізі байқалады. Ескерткіш жоспары төртбұрышты көлемі 140х140х170 см тұғырға орнатылған. Тұғырының негізі (іргетасы) бетоннан салынған оның көлемі 620х420х40 см. Іргетасы толықтай гранит плиткамен жабылған. Ескерткіштің жалпы биіктігі 480 см. Ескерткішке қосымша соғысқа қатысқан адамдардың тізімі жазылған тақтайшалармен толықтырылған. Ол тұғырдың екі жағында төрт-төрттен кірпіш платформаға (көлемі 70х60х35 см) бекітілген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі
2 / 5
Сауысқандық петроглифтері
3 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
4 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)

Ақпарат

    Записей не найдено.