Мәмбет әулие төртқұлағы

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан солтүстікке қарай 18 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Мәмбет әулие төртқұлағы.

ХІХ ғасыр

Ескерткіш зиратта орналасқан және шитті кірпіштерден (кірпіш өлшемдері 8,5-9 х 17-18х35-36 см) құрылған қатты ісінген тікбұрышты пішіндегі мазар болып табылады. Мазар өлшемдері: 5,4х3,6 м, БСБ-ШОШ сызығымен ось ұзындығымен бағдарланған. Қабырғалар қалыңдығы 0,9 м, биіктігі 1 м. Кіріс батыс-оңтүстік-батыс қабырғада орнатылған, оның ені 0,4 м. Мазардың ішкі бөлігін сексеуіл басып кетті, жерлеу байқалмайды. Батыс-солтүстік-батыс қабырғаның қасында қазіргі заманғы қабір тақтасы орнатылған, сонымен қатар бетондық негізге монтаждалып қойылған тас стела-көктас орнатылған. Стеладағы жазу: «Мәмбет әулие Олжабайұлы 1860-1882ж.ж. Руы Тоқберлі Табын Белгі қойған Мәмбет әулие қоғамдық қоры 6 қазан 2013 ж». Көктас қимасында трапеция пішіндес. Оның ұзындығы 0,65 м (?), бет жағының ені 0,09 м, бүйірлердікі 0,08 м, артыңғынікі 0,05 м. Беттік жағының үстіне араб графикалы жазулар жазылған.

Мәмбет әулие туралы аңыз

Мәмбет әулие Олжабайұлы шамамен 1862-1883 ж.ж. казіргі М. Шәменов ауыл округіне қарасты «Көктонды» асарының маңында дүниеге келген. Шыққан тегі Кіші жүздің Табын тайпасының Тоқберлі аталығы.

Аңыз бойынша, Мәмбетке әулиелік және ұсталық қасиет бала шағында, яғни 7-8 жасында қонған...

Бір күні осы ұстаханасы тұрған жерде мал жайып жүрген бала Мәмбет қасындағы балаларға: «Ананы қараңдар, ұстахана ішінде көрік басылып, төстегі темірді біреулер балғамен ұрып жатыр, дауысын естідіңдер ме?», - деп сұрайды. Балалар аң - таң. Бұл жәйт ертеңіне де, одан кейінгі күні де қайталанады. Бұл «кереметтен» қорыққан Мәмбет мал бағуға шықпайды. Әкесі Олжабай одан мән - жайды сұрап біліп, ауыл ақсақалдарына айтады. Олар жиналып Мәмбетті ортаға алып, әлгі жерге келеді. Мәмбет баяғы көрген ғажаптарын қайтадан көреді. Сонда қарттардың бірі: «Мұндайда мал шалып, құрбандық беретін»,- дейді. Сол арада Олжабай астындағы мініп жүрген ақбоз атын құрбандыққа шалып жібергенде, әлгі гүрсілдеген көрік, жалаңдаған от, шақылдаған балға, төстердің бәрі маңындағылардың көзіне көрінген екен. Содан ауыл ақсақалдары: «Мына ұста дүкенінің иесі Мәмбет болады»,- деп бала Мәмбетке баталарын беріпті...

Сол кезден бастап, Мәмбет өзінің ұстаханасында көк темірден қазан, кепсер, балға, балта т.б. күнделікті тұрмысқа қажетті заттар мен әшекейлі зергерлік бұйымдар жасай бастайды.

Әулиенің пірі жеті қазан, аққу, жолбарыс, қасқыр, жылан болған деседі. Ұстахана гүрсілдеп соғылып жатқанда аққу төбеде қалықтап, дүкеннің төрінде жолбарыс, екі босағаның оң жағында қасқыр, сол жағында жылан жатады екен. 

Мәмбет әулие туралы ел аузында аңызға айналған әңгімелер көп. Мысалы, ол кісі жарылған қазанды қалпына келтіру үшін темір балқып жатқан отқа қолын сүнгітіп алып, қазанды сипағанда жарық бітеліп қалады екен... Таз адамның басын қолымен бір сипағанда жазып жібереді екен т.б.

Жалпы, ұсталық өнерді қазақ халқы қашанда киелі санаған. Ұста дүкеніне таза киініп барған. Ұстахананың айналасын тап-тұйнақтай етіп таза ұстап, лас нәрсе төкпеген.

Қайтыс болар шағында өзінің көңілін сұрай барған Тартулының игі жақсыларына Мәмбет: «Ақырдан Мәмбет болып өтермін. Басыма үйтам салмаңдар, ашық төбенің басына қоярсыңдар »,- деп өсиет айтып кетіпті.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, Ғ.Мұратбаев музейі /Совдеп үйі/ ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
3 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
4 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
5 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай )

Ақпарат

    Записей не найдено.