Су қыспақты мұнара

Мекен жайы: Қызылорда қаласы, Бірқазан станциясында орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 31.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Су қыспақты мұнара,

1904 жыл

Мұнара сегіз қырлы, екі қабаттан тұрады: кірпіш қабатының биіктігі-10 м және ағаш қабаты-6,5 м. Мұнараның жалпы биіктігі 16,5 м. Мұнараның екі жақ бөлігіндегі әр қасбетте сәулелі маңдайшалары бар терезе ойықтары және шығыс жағында есігі бар. Терезенің төменгі бөлігі төртбұрышты, ал жоғары жағы дөңгелек етіп жабылған. Терезе ағашы күрделі формалы. Барлық ойықтар сталактиттедегі үшбұрышты үшкіл маңдайша түріндегі сандриктермен безендірілген. Терезелер деңгейінен жоғары «қиғаш» қырларда аркалық қуыстар орналасқан. Жоғары қабаты бөренелерден салынып, тақтайшалардың тік және көлденең қатарларымен әсемделіп қапталған. Шатыры темір қаңылтырмен жабылған. Мұнараның ағаш бөлігінде су сақтауға арналған ыдыс бар. Оған шығу үшін айналмалы баспалдақ жасалған. Қабырғасының қалыңдығы 70 см. Құрылыс көлемі 432,7 м.куб. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі
2 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
3 / 5
Қорасан ата кесенесі
4 / 5
Қожан қожа мазары
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі

Ақпарат

    Записей не найдено.