Беркімбай кәлпе кесенесі

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Ақсу ауылынан шығысқа қарай 3,2 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Беркімбай кәлпе кесенесі.

1977 жыл

Ескерткіш көтеріңкі жерде орналасқан. Ескерткіш, жарық жақтарына бағдарланған, пішіні тікбұрышты, цементті ерітіндіге силикат кірпіштен құрылған кесене болып табылады. Негізгі көлемінің өлшемдері: 4,2 х 5,3 м, биіктігі 3,6 м. Қабырғалардың қалыңдығы – бір жарым кірпіштей. кесене бұрыштарында 4,5 м биіктікте мұнаралар тұр. Қабырғалардың негізгі көлемінің үстінде уөгілдір түске боялған күмбез көтеріліп тұр. Оңтүстіктен кесене жабынының бетонды тақталары шығып тұр. Кіріс кесененің оң жағынан құрылған, бірақ қазіргі кезде ол бекітіліп тұр. Орнында кішкентай ойық ғана қалған. Кесененің солтүстік қабырғасында «Беркінбай» деген жазу бар. Батыстағы қабырғада «1909-1977» деп жазылған. Солтсүтік қабырғаның үстіне металлды қорған бекітілген, және тақтайша орнатылған. Соңғысында «1909-1977 Бекниязұлы Беркінбай руы Өмірқұл табын белгі қоюшы балалары Сүлеймен, Бейсен, Иса, Дәулет, Мақсат» деп жазылған.

 

Беркімбай кәлпе туралы деректер

Беркімбай кәлпе 1909 жылы казіргі Ақсу ауылы аумағындағы «Ақбөгет» деген жерде дүниеге келген. Дінге дүдәмал, құдайға қорқасоқ қараған кешегі Кеңес заманының өзінде ел ішіне әулие, әруақты болып танылып, емшілік, бақсылық қасиеттерімен аты мәшһүр болған атамыз- халық жадында мәңгі жасайтын тарихи тұлға. Беркімбайдан бес ата ілгері өткен Сәрке де, үш ата ілгері өткен Байқадам да әрі батыр, әрі әруақты кісілер болған. 

Ертеректе Өзбекстанға қоныс аударып, 60-шы жылдары елге қайта көшіп келген Байдәулет деген кісінің: « Беркімбай 2 пұттай қара тасты арқалап үйге жиі соғып тұратын. Содан мені ертіп алып, жұрттың көп жиналған жерлеріне барып, әлгі тасты аспанға лақтырып қолымен, не жата қалып кеудесімен қайта қағып алып, небір керемет өнер көрсетуші еді. Көп қабатты үйлерге әп - сәтте өрмелеп шығып, қайта түскенде, жұрт жағасын ұстайтын...»,- дейтін әңгімесі де бар.

Кәлпе алдына келген сырқаттардың көпшілігін дем салған маймен, қып - қызыл боп балқып тұрған кетпенмен ұшықтаған. Ақыл - есінен ауысқан адамдарды сегіз өрім етіп өрілген қамшысымен емдеген. Кәлпе туралы халық аузында небір ғажап әңгімелер сақталған. Оны Орта Азия, Кавказ мұсылмандары пір тұтқан.

Беркімбай кәлпе 1977 жылы қайтыс болады. Кесенені өзі қайтыс болғаннан кейін балалары тұрғызған.

Казіргі уақытта кәлпе есімі халыққа имандылық тәрбиесін беруде үлкен қызмет атқарады. Оның басына салынған төртқұлақты күмбезді кесене архитектуралық жағынан ерекшеленбесе де зиярат етушілердің құрмет сезімін оятатын қасиетке ие. Кесене маңдайшасына кәлпенің көзі тірісінде қолданған дәрет құманы мен  адам емдеу мақсатында пайдаланған диірмендей қара тас қойылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Оқшы ата кесенесі
2 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХғ. Соңы-ХХғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
3 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
4 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
5 / 5
Бегім ана мұнарасы

Ақпарат

    Записей не найдено.