Егембай қалашығы

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 5 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Егембай қалашығы.       

ХІІ-ХІҮ ғ.ғ.

Бекіністі мекенжұрт – қамалы бар қалажұрт. Іңкәрдарияның құрғап кеткен сағасының солтүстік-батысында 3 шақырым жерде тақырда, меридиональды түрде орналасқан құм шағылдардың тізбектерінің арасы мен Іңкәрдария сағасының бойымен ескі арнаға алып баратын ағын сағасы мен осы ескі арнадан шығарылған канал сағасының арасында орналасқан.

Қалажұрт қамалдан және шығыс пен оңтүстіктен жалғасып жатқан біліктермен және ормен қоршалып тұрған аймақтан тұрады. Қалажұрттың жалпы пішіні – сопақшаланған бұрыштары мен доға тәріздес қабырғалары бар дұрыс емес трапеция. Бұрыштарымен СБ, СШ, ОШ, ОБ бағыттары бойынша, оңтүстік – батыс және солтүстік – шығыс үшкір ұштарымен бағытталды. Біліктердің сыртқы контурларынан диагоналдар бойынша қалажұрттың көлемдері 465х366 м, дүниенің төрт бұрышы бойынша – 414х348 м (орталық сызық бойынша). Орлар жайпақ және кең, тереңдігі 0,8 м және ені 30 м-ден 50 м дейін жетеді. Қалажұрттың оңтүстік-шығыс және оңтүстік тарапынан ор түгелдей дерлік тегістелген.

Топографиялық қалажұрт шығыстан және оңтүстіктен сыртқы қабырғаның біліктері өтетін қамалдан тұрады. Солтүстік қабырға қалажұртқа 10 градустық бұрыш бойынша келеді. Қалажұрттың солтүстік білігі мен қамалдың білігі арасында ені 14,0 м болатын қысқа дәліз байқалады, бұл әсті, бекіністік қақпалар мен кіріс есіктерінің іздері болуы мүмкін. Қалажұрттың шығыс жақ қабырғасы қамалдың ең солтүстік – батыс бұрышына дейін оған дейін 10 градустық бұрышпен қамалдың шығыс жақ қабырғасын бойлай өтеді.

Қамал жоспар бойынша үшкір оңтүстік – батыс және солтүстік – шығыс бұрыштарымен қиық тәріздес пішінге ие. Сыртқы көлемдері диагоналдар бойынша 230х185 м, ортаңғы сызықтар бойынша – 153х181 м. Қамалдың ішкі алаңы қалажұрттың қалған аумағының ішкі алаңынан 0,8 м биік. Қамалдың солтүстік және батыс біліктері ішкі алаңнан әзер дегенде асып тұрған шығыс және оңтүстік біліктен жоғары, алайда, қалажұрттың қалған аймағына қатысты 1 м дейінгі биіктікте сақталған, тек оңтүстік біліктің орталығында ғана аздап биіктеу төбешік бар, оны кесе-көлденең сұр түсті тікбұрышты дақ – жанып кеткен ағаш ғимараттың сұлбасы өтеді. Солтүстік және батыс қабырғаның биіктігі 0,5м – ден 2,5 м дейін жетеді. Әсіресе қабырғалардың солтүстік-батыс және оңтүстік-батыс бұрыштарының біліктері биік әрі мықты. Диагонал бойымен солтүстік қабырғадан шығыс қабырғаға қарай қираған ғимараттардың жоспарынан шыққан ауқымды тақырлардан жолақтар жүріп өтеді. Қамалдардың біліктерінің ішкі жақтарынан периметр бойынша ғимараттардың қабырғаларына жалғастырыла салынған іздер өтеді.

Қалажұрттың қабырғаларының қалдықтарының іздері, қабыырғамен сыртқа қарай иілген доға пішіндес болып келеді.ең жоғарғы биіктік – 2 м-ге, солардың салдарынан біліктер мұнаралардың құрылуорындарында жергілікті төбешіктермен және кеңеюлермен екі жақтан да аласаратын солтүстік – шығыс және оңтүстік – батыс бұрыштарда жетеді. Оңтүстік – шығыс бұрыш пен оңтүстік қабырға іс жүзінде түгелдей жауын-шашынмен бұзылған, көлемдері 4х4 м-ден 30х40 м дейін және биіктігі 0,1 м-ден 1 м дейін жететін жергілікті төбелер және тақырлармен байқалады. Қамалға жалғасып жатқан қалажұрттың шығыс және солтүстік қабырғаларының аймақтары өте төмен және жайпақ. Қалажұрттың ішіндегі алаң тегіс, шымдалған, біртегіс емес тегістері бар. Біліктердің ішкі тараптарынан қызыл, қара және сарғыш түсті ангобтармен қапталған білдекті керамика сынықтарының жиынтықтары байқалады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қожан қожа мазары
2 / 5
Сауысқандық петроглифтері
3 / 5
Христос Спаситель шіркеуі
4 / 5
Асанас кесенесі
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)

Ақпарат

    Записей не найдено.