Мырзабай ахун мешіті

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Мырзабай ахун ауылынан солтүстік-батысқа қарай 12 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Мырзабай ахун мешіті.   

ХХ ғасыр

Мешіт жоспары төртбұрышты, шатыры екі құламалы. Жалпы өлшемдері 10,90х10,90 м, биіктігі 5 м, кіре-беріс бөлмеден, михрабы бар намаз оқу залынан және осы зал арқылы кіретін шағын бөлмеден тұрады. Кіре-беріс бөлменің жоспары төртбұрышты, екі терезесі бар. Мешіт іргесінің табаны (цоколь) қабырғадан биіктеу және шығынқы етіп қаланған. Қабырғаның бойымен жүргізілген карниздің үстіндегі екі кронштейннің ортасында сәндік үшін бір қырынан қаланған кірпіштерден тұратын декоративті аттик мешіт ғимаратының құрылысына ерекше сән- салтанат беріп тұр.

Сыйыну залының пішіні шаршы тәрізді болып келген, оңтүстік-батыс қабырғасында михраб қуысы бар. Залдың ортасында жабын екі бағана тірелген. Жарық түсіру үшін күн шығыс жағында үш терезе салған. Мешіт іргетасы күйдірілген кірпіштен қаланған. Қабырғасы (15 қатар) және бұрыштары кірпішпен көтерілген. Ал қабырғаның қалған бөлігі сыланып, әктелген. Мешіттің батыс, шығыс және оңтүстік жақ беттерінің қабырғасы ортасынан шығынқы етіп қаланған декоративті лопаткамен екіге бөлінген. Қабырғаның төрт бұрышындағы пилястрдің бұрыштарын істік және қабырғадан біршама шығынқы етіп қалаған. Мешіт  салынып  біткеннен кейін  үнемі намаз оқылып, үлкендер мен балаларға діни сауат беретін медресеге айналады. Мешітті 1999 жылы Мырзабай ахун ауылының тұрғындары қайтадан қалпына келтіріп, имандылық ошағына айналдырған. Мешіттің алдына қосымша дәліз (вестибюль) салынып, кірер есігі солтүстікке қаратылған. Қалпына келтірілгеннен кейін мешіттің төрт бұрышы мен ортасына күмбез тұрғызылып, шығыстық үлгіге бейімделді.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Теміржолшылар клубы ғимараты (бұрынғы шіркеу)
2 / 5
Айтбай мешіті
3 / 5
Асанас кесенесі
4 / 5
Христос Спаситель шіркеуі
5 / 5
Қорасан ата кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.