Су қыспақты мұнара

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Жалағаш кенті, Қазбек би көшесі, 45

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Су қыспақты мұнара.     

1905 жыл

Су қыспақты мұнара 1901 – 1906 жылдар аралығында Орынбор- Ташкент теміржолының құрылысы кезінде теміржол вокзалының маңына салынған архитектуралық ескерткіш. Ірілі – ұсақты теміржол станциялары жанындағы осы секілді су мұнаралары, вокзал ғимараттары, казарма үйлері т.б. құрылыс - сәулет объектілерінің құрылысына тапсырыс беруші Ресей империясының жол қатынастары министрлігі. Министрі - князь М. И. Хилков.

Композициялық тұрғыдан алғанда мұнара екі бөліктен тұрады. Күйдірілген кірпіштен қаланған қабатының биіктігі – 10,5 метр. Оның үстіндегі ағаш бөлігінің биіктігі -6,0 метр. Мұнараның жалпы биіктігі – 16,5 метр. Қабырғасының қалыңдығы – 70 см. Жалпы формасы сегізқырлы (восьмигранник) болып күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған. Мұнараның астыңғы табаны (цоколь) бар. Сыртқы қабырғалары сыланбаған. Терезелерінің пішіні тікбұрышты, иілген перемычкасы және оның үстінде күрделі конфигурациялық фигуралы сандригі бар. Кіреберіс есігін солтүстік – шығыс жақ бетке қаратқан. Есіктің үстінде жартылай циркульды перемычкасы және күрделі конфигурациялық фигуралы сандрик қаланған. Мұнараның кірпіштен қаланған жағын сталактиттер түрінде қаланған декоративті белдемшесі бар карниз аяқтайды. Стропилалардың шеттері, кронштейндер, терезелердің  карниздері  қиылған ою- өрнектермен безендірілген.

Мұнараның ағаш бөлігі үш бөліктен тұрады: панельді, карнизді  және ортаңғы. Алғашқы екі бөлігі сыртынан тақтайлармен тік етіп қапталса, үшіншісі – қиғаш етіп қапталған. Осы аталған ағаш бөлігінің ішінде су сақтайтын резервуар орналасқан. Оған мұнара ішіндегі айналма саты арқылы көтерілуге болады. Резервуардың шеттері кірпіштен қаланған  мұнара бөлігінің үстіне орналасқан. Мұнараның  шатыры шірімейтін қаңылтырдан жабылған. Ең үстінде сегізқырлы етіп жасалған, төбесін шірімейтін қаңылтырдан жапқан күмбезше орнатылған. Мұнараның жалпы көлемі – 483 м. куб.

Мұнара ХХ ғасырдың басында салынған сол уақыттағы өндіріс ошақтарының бір үлгісі болып саналады. Мұнараны салу барысында орыс архитектурасының көптеген элементтері пайдаланылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,
2 / 5
Бақатам кесенесі
3 / 5
Айтбай мешіті
4 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
5 / 5
Қорасан ата кесенесі

Ақпарат

    Записей не найдено.