Бұқарбай зиратындағы № 1 сағанатам

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Қаракеткен ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 21,3 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бұқарбай зиратындағы № 1 сағанатам

1892 жыл

Ескерткіш шаршы түрідегі мазар болып табылады, бұрыштарымен жарық жақтарына бағдарланған, шитті кірпіштерден (өлшемдері 24 х 15 х 7-8 см) құрылған. Бұқарбай батыр кесенесінен ОБ қарай 63 м жердегі Бұқарбай зиратының аумағында орналасқан. Құрылысты жаңбыр жырып кетпеу мақсатында қабырғалардың үстілері ұшталған. Мазар өлшемдері 4,4 х 4,4 м, қабырғалардың биіктігі 1,9 м, қалыңдығы 0,5 м. Бұрыштарында шаршы пішіндегі мұнарашалар көтеріліп тұр, өлшемдері 0,5-0,6 х 0,5-0,6 м. Мұнаралар қабырғадан 0,4-0,5 м биіктігі тұр. Сүйір кіріс оңтүстік-шығыс қабырғаның ортасында орналасқан. Кірістің қасында бата оқыр стела-көктас табылады, үстінде араб графикасымен жазылған жазулар бар. Көктас қимасында трапециялы болып келеді. Ұзындығы 0,88 м; бет жағының ені 0,1 м, бүйірлердікі 0,1 м, артыңғынікі 0,08 м. Қабырғалар ішінен балшықпен сылақтанған. Жер асты сағанатам қатты қираған, сағанатам СШ-ОБ сызығына бағдарланады, солтүстік-батыс қабырғаның бойында орналасқан. Оның өлшемдері: 2,15 х 0,7 м.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
2 / 5
Шірік-Рабат қалашығы
3 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
4 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
5 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.

Ақпарат

    Записей не найдено.