Қармақшы ата қорымы (көктастарымен)

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Тоқтаров көшесі, н/з.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 05.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қармақшы ата қорымы (көктастарымен).           

 ХІХ ғ. соңы

Қорымда Қармақшы ата кесенесі мен оның мерзімдес тесілген бейіттер және араб әріптерімен жазылған құлпытастардың орналасуымен тарихи орын деп есептеуге болады. Себебі қорым бір қарағанда қазіргі заманның қорымына ұқсайды, мұнда ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында көптеген бейіттер түміп кеткен. Сол себепті қорымда екі кезеңмен мерзімдеуге болады.

Қорым солтүстіктен оңтүстікке 140 м, шығыстан батысқа қарай 190 м аумақты алып жатыр. Қорым шағын төбенің басына салынған. Кейіннен орын болмағандықтан етігіне де бейіттер салынған. Қорымның солтүстік (Қармақшы ата кесенесі аймағы), батыс, орталық бөлігі ежелгі, яғни ХІХ ғ. мерзімделетін жерлеу орындары орналасқан. Ал шығысы, солтүстік-шығысы, ішінара оңтүстік бөлігінде қазіргі жерлеу құрылыстары салынған. Ежелгі жерлеу құрылыстары кесене, жоспары төртбұрышты, шеңберлі немесе жай топырақ үйіндісі ретінде сақталған. Ал кейінгі жерлеу құрылыстары төртқұлақ, темір қоршаулар, сағана түрінде салынған.

Қорымдағы үстірт аймағынан әкелінген құлпытастар ерекше маңызға ие, қорымның тарихи құндылығы да сонда жатыр. Мұнда 7 құлпытас орналасқан. Барлық құлпытастар теңіз бақалшақтарымен құмшауыттан түзілген тастан қашалып алынған.

Құлпытас №1 ,2 – Географиялық координаттары: N 45°28'48,06" Е 064°05'34,88".

Құлпытас №3 – Географиялық координаттары: N 45°28'47,30" Е 064°05'36,13".

Құлпытас №4 – Географиялық координаттары: N 45°28'46,13" Е 064°05'38,49".

Құлпытас №5 – Географиялық координаттары: N 45°28'45,83" Е 064°05'37,90".

Құлпытас №6, 7 – Географиялық координаттары: N 45°28'48,52" Е 064°05'36,79".

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
2 / 5
Ақтас мешіті 1884 жыл
3 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.э.д. ҮІ-ІІ ғ.ғ.
4 / 5
Сырлытам кесенесі
5 / 5
Шірік-Рабат қалашығы

Ақпарат

    Записей не найдено.