Цай Ден Хак бюсті

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, ІІІ Интернационал ауылы, Астана көшесі, н/з.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Цай Ден Хак бюсті, 1985 ж.

(Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне алынған)

 

Еңбек ардагері Цай Ден Хак 1913 жылы Қиыр Шығыс өлкесі, Уссури уезі, Никольск селосында дүниеге келген. 1931-1934 жылдары Уссури уезінде кеңшарында күріш егісінің бригадирі, 1938 жылдан Қармақшы ауданы «ІІІ Интернационал» ұжымшарының төрағасы болған. 1956 жылы колхоз төрағасы шаруашылық экономикасын дамытудағы жетістіктері үшін Ленин орденімен наградталды. 1955-1959 жылдары Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 23 маусымдағы Үкімімен Цай Ден Хакқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді, Екі Ленин ордені және медальдармен марапатталған. Ауыл шаруашылық өнімдерінің үлгісі халық шаруашылығы жетістіктерінің Бүкілодақтық көрмесіне үш рет қойылып, колхоз төрағасы екі күміс және бір алтын медальдарымен марапатталды.

1984 жылы 5 мамырда Қармақшы ауданының «ІІІ Интернационал» ауылында дүние салды. Қызылорда қаласында және ІІІ Интернационал ауылында ардагердің атында көше бар. Мүсін 1985 жылы орнатылды. Байқоңыр қаласының әскери бөлімі салған. Цай Ден Хак-ауыл шаруашылық өндірісінің кеңес ұйымдастырушысы, ұжымшардың төрағасы, Социалистік Еңбегінің Қаһарманы. Қазақ ССР-дің 4-шақырылымының Жоғарғы Кеңес Депутаты.

Мүсін Қармақшы ауданы, ІІІ интернационал ауылы, Астана көшесі, н\з мекенжайда орналасқан. Мүсін іргелі граниттік тұғырда орнатылған. Қимасында тікбұрышты тұғырдың өлшемдері 0,6х0,52 м, биіктігі 1,7 м. Ескерткіштің жалпы биіктігі 2,55 м.

 

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХҮІ ғасыр
2 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
4 / 5
Бәбіш-Мола ескерткіштер кешені
5 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.