Тұрақ ІІ

Мекен жайы: Қармақшы ауданы, Сеңгіртам қалашығынан батысқа қарай 4,8 шақырымда орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 04.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тұрақ ІІ

Уақыты белгісіз

Ескерткіш 2005 жылы Ж.Құрманқұловтың басшылығымен А.Х.Марғұлан атындағы археология институтының Шірік-Рабат археологиялық экспедициясымен зерттелді.

Ескерткіш жазықтықта орналасқан, ол құрылыс қалдықтарынан тұратын биік емес төбешік болып табылады. Төбешіктің диаметрі 26 м, биіктігі 1,1 м. Керамикалары қалың бүйірлі, станокта жасалған, ою-өрнексіз, оның түсі қызыл және ақшыл, сырты қара қоңыр және сарғыш ангобпен қапталған. Ернеулері қатты иіліп жасалған. Қызылорда облысының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағын дайындау барысында кварциттен жасалған құралдар мен темір шлактар табылды. Сонымен қатар тақырда тек көктем мен күз айларында ғана көрінетін құрылыс орны байқалады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасыр
2 / 5
Айтбай мешіті
3 / 5
Қожан қожа мазары
4 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,
5 / 5
Сығанақ қалашығы. ҮІ-ХІХғ.ғ.

Ақпарат

    Записей не найдено.