Нағи Ілиясов мүсіні, 2018 ж.

Мекен жайы: Тереңөзек кенті, Қонаев көшесі н/з

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 12.02.2020

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ескерткіш туралы мәлімет

Маңызы: Алдын-ала тізіміне алынған тарихи-мәдени мұра объектісі

Нағи Ілиясов (6.11.1920, Қызылорда облысы Тереңөзек ауданы (Сырдария ауданы) "Қызыл коммуна" ауылы - 6.5.1987, - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушылар бөлімшесінің командирі, ефрейтор. 1929-36 жылы Арыс және Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленген. 1936-39 жылы Орта Азия Мемлекеттік университетінде (Ташкент) оқыды. 1939-41 жылы Ташкент маңы Жоғары Шыршық ауданындағы мектепте мұғалім болды. 1941 жылы туған еліне оралып, 37-Жәдігер мектебінде неміс тілі мен тарих пәнінен сабақ берді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, 2- Украина майданына қарасты 46-армия 99-атқыштар дивизиясының 473-артиллерия полкі 2-дивизионы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Элиста, Ростов, Донбасс, Киев, Житомир қалаларын азат етуге катысты. Будапешт қаласын (Венгрия) азат етуде корсеткен ерлігі үшін Ілиясовқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі коса тапсырылды (24. 3.1945). 1945 жылы Мәскеуде Кызыл Алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатысты. 1945 жылы әскер қатарынан босады. 1966-72 жылы туған ауылында ашылған 1- күріш кеңшарының алғашқы директорлығына тағайындалды. 1972-76 жылы Сырдария ауданы «Комсомол» кеңшарының директоры, 1976-81 жылы облыстық еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтамасыз ету мекемесінде басқарушы болып істеді. Өзі басқарған шаруашылыққа 1992 жылы оның есімі берілді. Ленин, 1-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Еңбек Кызыл Ту, 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қожан қожа мазары
2 / 5
Асанас кесенесі
3 / 5
Жетіасар мәдениеті ескерткіштері (23 нысан) б.э.д. І ғ.-ҮІІІ ғ. басы.
4 / 5
Жент қалашығы. Ү-ХҮІІ ғ. ғ.
5 / 5
Сауысқандық петроглифтері

Ақпарат

    Записей не найдено.