ЮНЕСКО

Мекен жайы:

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 19.12.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

"Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансшекаралық Дүниежүзілік мұралар номинациясы бойынша номинациялық құжаттама дайындау жөніндегі сараптамалық кездесу.

Өңірімізде тұңғыш рет Қызылорда облысының әкімдігі мен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия (Астана) және дүниежүзілік мәдени мұра орталығымен бірлескен (Париж) "Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәлізі» сериялық трансшекаралық Дүниежүзілік мұралар номинациясы бойынша номинациялық құжаттама дайындау жөніндегі сараптамалық кездесуі өтті.

2016 жылы 14-ші қараша күні облыс әкімдігінің мәжіліс залында өткен бұл шараға Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев, ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ҚР Ұлттық комиссиясының Бас хатшысы Утегенова Асель Еркеновна және дүниежүзілік мәдени мұра орталығының өкілі, мәдениет және өнер істері жөніндегі департамент директорының орынбасары Сеитова Күміс Қарсақбайқызы, ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра орталығының Азия-Тынық мұхит секциясының бағдарламалық маманы Франция өкілі Лин Роланд қатысты. Сондай-ақ, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстанның ресми өкілдері және облыс әкімдігінің ғылыми-әдістемелік кеңес мүшелері, атақты археолог-ғалымдар, тарихшылар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары, мемлекеттік органдардың басшылары, мәдениет саласының қызметкерлері қатысты. Шара жоғары деңгейде өтті.

Ұлы Жібек жолының Ферғана-Сырдария дәлізі он алты ескерткішті қамтиды. Олардың сегізі Оңтүстік-Қазақстан облысынан болса – бұл (Жуантөбе, Қараспан, Сидақ, Түркістан, Сауран, Отырар оазисі, Күлтөбе, Бөріжар бейіті) және сегізі Қызылорда облысына кіреді – бұл (Жанкент қалашығы, Кескен-күйік, Шірік-Рабат, Бәбіш-молла, Жанқала (Жент), Сығанақ, Жетіасар оазисі, Баланды қонысы.

Кездесуде "Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәліз" номинациясын басқару және жалпы басшылыққа алынатын қағидаттар; «Жібек жолы: Ферғана-Сырдария дәліз» номинациялық құжаттамасының ақырғы нұсқасын дайындау жөніндегі жұмыс тобы мен хатшылық құрамын бекіту, объектілер-компоненттер номинациясы бойынша қатысушы елдердің презентациясы (тұсаукесері), ескерткіштер-компоненттер номинациясы бойынша ұсынылған құрамның ішкі талдауы қаралды.

Ферғана-Сырдария дәлізі Жібек жолының басқа дәліздермен өзара іс-қимылы; дәлізге қоршаған табиғи ортаның әсері; қоршаған табиғи ортаның дәлізге әсері және номинациялық құжаттама бөлігінің мәтін тұжырымы мен

серия компоненттерінің өзара бір-бірімен іс-қимылы. Дүниежүзілік мәдени мұра орталығының номинациялық құжаттамасының жұмыс жоспары бойынша іс-қимылын егжей-тегжейлі анықтау және болжамды финалдық тапсыратын күнін талқылау.

Кездесуді ұйымдастырудың басты мақсаты аймақтағы ескерткіштерді халықаралық деңгейде насихаттау, өзге елдермен тәжірибе алмасу, сондай-ақ номинациялық құжаттаманы даярлау бойынша дүниежүзілік ЮНЕСКО тізіміне қосуға көмек көрсету болып табылады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
2 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы,
3 / 5
Асан ата кесенесі, ХҮІ ғасыр
4 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні
5 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.